Сананы тұрмыс билеген заманда Ихсан ілімін насихаттау – аса маңызды істің бірі. Расында күнделікті күйбең тіршілік, отбасындағы мәселелер адам баласының рухани жан-дүниесіне әсер етпей қоймайды. Пенде қуаныш мен қайғыда көптеген эмоциялық сәттерді бастан кешеді. Осы сәттерде оның иманы, Аллаға деген тәубесі мен тәуекелі мұсылманға, былайша айтқанда, жақсы адамға тән байсалды әрі парасатты ұстанымда болуға тікелей әсер етеді.