#Меркі ауданы: Мүмкіндігі шектеулі жандарға уағыз айтылды

#Меркі ауданы: Мүмкіндігі шектеулі жандарға уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің ізгі сүннеттерінің бірі науқасты зиярат етіп, көңілін сұрау, хал жағдайын білу.

Осы мақсатта, Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлы ауданға қарасты мүмкіндігі шектеулі жандарды жинап уағыз-насихат жүргізді.

Меркі ауданында демеушілердің арқасында 100 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылған болатын. Солардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандарда бар-тын. Бас имам олардың қал жағдайын, тұрмыс-тіршілігін білу мақсатында оларға қайырылып, әрқашан да көмек қолын созуға дайын екендігін жеткізді.

Сұхбат барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы «Шүкіршілік» тақырыбында уағыз айтып, сынақ Алла Тағаладан екенін ұмытпай, сынаққа сабыр сақтап Аллаға разы болып өту өмірдегі адам баласының басты мақсаты екендігін түсіндірді.

Кездесу соңында Аллаға шүкіршілік айтып, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға етті.

Меркі аудандық «меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: