НАСИХАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

1. «Әльхамдулиллаһ» адамдары - алғыс білдірушілер Алла тағала оларға берген шексіз мейірімділікті сезінеді, шын жүректен бастан кешіреді және оны ауызша жеткізеді. Хадистердің бірінде Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) сүйінші хабар жеткенде, ол (оған Алланың сәлемі болсын) жерге сәжде қылып, ризашылық білдіріп бас иді (Әбу Дауд) делінген.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Риба (пайыз үстемесі) - Исламда харам іс. Дініміз жалпыға тиімсіз, əділетсіз нəрселерге осылай шектеу қойған. Хадистерде капиталдың белгілі бір топтың қолында ғана айналуына жол ашатын, халықты аяусыз қанауға апаратын өсімқорлық жеті үлкен күнəнің қатарында аталған.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жер бетіндегі барлық нәрсе адамның қолайлы өмір сүруі үшін жаратылған. Ол – Құдайдың пендесіне берген нығметі, сый-сияпаты. Адам баласы дүниеге келген күннен бастап сол нығметтерден пайдаланады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Алла тағала Құранда мүминдерді «Алла елшісімен бірге болғандар кəпірлерге тым қатал, өзара өте мейірімді» деп сипаттаған («Фəтих» сүресі, 29-аят). Шынайы мүмин дініне берік, туған-туысына мейірбан, дұшпанына тастай қатты болады. Үлкенді сыйлап, жасы кішіге, əлсізге, жетім-жесірге қамқор келеді. Алла тағала мұхажир бауырларынан ештеңелерін аямаған ансарларды мақтап былай деген: «Мəдинаның байырғы иман еткен тұрғындары көшіп келгендерді жақсы көреді, олармен бөліскен дүниелері үшін өкінбейді. Сондай-ақ, өздерінде таршылық бола тұра, олардың қиналғанын қаламайды» («Хашр» сүресі, 9-аят).

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Құқық адамды дінге, нəсілге немесе жынысқа бөліп-жармайды, ол жалпыға ортақ басты құндылық. Нағыз мүмин Аллаға иманы, ғибадаты, кісі ақысына мұқият болуы арқылы қара қылды қақ жарғандай əділ өмір сүруге тиіс. Тіпті, мүмин бауыры күнə жасағанда өзегі өртенетін, өзінің бас пайдасынан гөрі өзгені ойлайтын кең жүректі жан болуға ұмтылуы қажет. Əр мүмин кісі ақысы мансұқ етілетін жағдайға жол бермеуі тиіс.