НАСИХАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Риба (пайыз үстемесі) - Исламда харам іс. Дініміз жалпыға тиімсіз, əділетсіз нəрселерге осылай шектеу қойған. Хадистерде капиталдың белгілі бір топтың қолында ғана айналуына жол ашатын, халықты аяусыз қанауға апаратын өсімқорлық жеті үлкен күнəнің қатарында аталған.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жер бетіндегі барлық нәрсе адамның қолайлы өмір сүруі үшін жаратылған. Ол – Құдайдың пендесіне берген нығметі, сый-сияпаты. Адам баласы дүниеге келген күннен бастап сол нығметтерден пайдаланады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Алла тағала Құранда мүминдерді «Алла елшісімен бірге болғандар кəпірлерге тым қатал, өзара өте мейірімді» деп сипаттаған («Фəтих» сүресі, 29-аят). Шынайы мүмин дініне берік, туған-туысына мейірбан, дұшпанына тастай қатты болады. Үлкенді сыйлап, жасы кішіге, əлсізге, жетім-жесірге қамқор келеді. Алла тағала мұхажир бауырларынан ештеңелерін аямаған ансарларды мақтап былай деген: «Мəдинаның байырғы иман еткен тұрғындары көшіп келгендерді жақсы көреді, олармен бөліскен дүниелері үшін өкінбейді. Сондай-ақ, өздерінде таршылық бола тұра, олардың қиналғанын қаламайды» («Хашр» сүресі, 9-аят).

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Құқық адамды дінге, нəсілге немесе жынысқа бөліп-жармайды, ол жалпыға ортақ басты құндылық. Нағыз мүмин Аллаға иманы, ғибадаты, кісі ақысына мұқият болуы арқылы қара қылды қақ жарғандай əділ өмір сүруге тиіс. Тіпті, мүмин бауыры күнə жасағанда өзегі өртенетін, өзінің бас пайдасынан гөрі өзгені ойлайтын кең жүректі жан болуға ұмтылуы қажет. Əр мүмин кісі ақысы мансұқ етілетін жағдайға жол бермеуі тиіс.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

 Алла Тағала адамды Өзін танып, құлшылық ету үшін жаратқандықтан дін жіберді. Бұл діннің негізі «Таухид» (Алланың бірлігі) сенімінен тұрады. Ислам дініне дейін Алла өзінің шынайы, дара жолын үйрету үшін әрбір қауымға, тайпаға, ұлтқа елшілер арқылы дін жіберді. Ұлы Жаратушының бар екендігіне сенгенімен, қалай құлшылық ету керектігін адам ақылымен шеше алмайды. Сол үшін діни әмір мен тыйымдар келіп отырды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Кейінгі жылдары жұртты жаппай саудаға тартудың неше түрлі әдіс-айласы шықты. Соның бірі – «Қара жұма» (Black Friday) акциясы. Атауының өзінен адам қорқатын «Қара жұма» қайдан шықты?