Ережеп айы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
Үстіміздегі ай ережеп. Ережептің жиырма алтысынан жиырма жетісіне қараған кеш исра және миғраж оқиғасы болған түн. Бұл биыл маусымның жиырма сегізінен жиырма тоғызына қараған кешке сәйкес келеді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өміріне қатысты миғраж секілді кейбір уағыздарды ара-кідік жылына бір рет қайта айту қажет болатын тақырыптардың бірі. Мұндай уағыздарды естіген сайын мұсылман өз хабибінің (с.ғ.с.) басынан өткерген оқиғаларын жадына алып, иманы күшейе түседі. Сондай уағыздардың бірі Исра және миғраж оқиғасы. Бұл оқиға пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ең үлкен мұғжизаларының бірі болып табылады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Исра және Миғраж оқиғасын миләди 621 жылы Режеп айының 26-сынан 27-сіне қараған түні, дүйсенбіде басынан өткерді. Бұл Меккеден Мединеге һижрат етуден 18 ай бұрынғы оқиға. Кейінірек жыл сайын бұл түнді шын иман-ықылас және қосымша нәпіл ғибадаттармен өткізу мұсылмандар үшін дәстүрге айналды.
Миғраж түнінде пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) Меккедегі әл-Харам мешітінен Құддыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешітіне бір сәтте исра жасады. (Түнгі сапар арабтарда "исра” деп аталады). Одан миғражға – жеті қат көкке көтеріліп, дүниеден өткен барлық пайғамбарлармен кездесті, үнемі құлшылықта жүретін періштелермен жолықты. Құдіретті Жаратушымыздың түрлі белгі – аяттарын көріп, Онымен тілдесті. Бес уақыт намаз осы түнде парыз етілді.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Әр жылы әлем мұсылмандары қасиетті Рағайып түнін қарсы алады. Бұл түн - мұсылмандар үшін ең қасиетті түндердің бірі. Осы айдың алғашқы жұма күні Пайғамбарымыздың ата-анасы отау құрып, Алланың елшісі анасының жатырына түскен күн. Бұл түн сондықтан «Рағайып түні» деп аталады.
13 маусымда басталған мұсылман қауымының қастер тұтатын мерекесі - Ережеп айының алғашқы жұма түні Рағайып түні (Ләйләту Рағайып) болып табылады. «Рағайыптың» сөздік мағынасы «рағибә» сөзінің көптік мағынасын береді. Ал рағибә «жауһар, құнды, бағалы, ихсан» мағыналарына келеді. Осыған байланысты «Ләйләту Рағайып» тіркесін «Жақсылық пен игілікке толы және аса құнды, ерекше бағалауды қажет ететін түн» деп түсінеміз. Ислам ғұламаларының айтуына қарағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл түнді адамның жан сарайына шуақ берер амалдар жасап, нұрлы сырларға қанығып, Ұлы Жаратушыға мадақ келтіріп, шүкіршілік жасап, дұға мен кешірім тілеп, намаз оқыған.