«Алла Тағаланың алдында дұғадан қадірлі еш нәрсе жоқ», – деп дұға етудің дініміздегі маңызды екенін атап кетті. Басқа бір сөзіңде:
«الدُّعَاءُ هُوَ الْعِبَادَةُ»
«Дұғаның өзі ғибадат», – деді де, Ғафыр сүресінің 60-шы аятын оқыды. Ол аятта:
لَكُم ادْعُونِي أَسْتَجِبْ وَقَالَ رَبُّكم
«Меннен тілеңдер, тілектеріңе жауап беремін»,-деп айтылған. Сол сияқты бұл мәселеге қатысты Алла Тағала Бақара сүресінің 186- аятыңда
«وَإِذَا سَأَلَكَ عِبَادِي عَنِّي فَإِنِّي قَرِيبٌ أُجِيبُ دَعْوَةَ الدَّاعِ إِذَا دَعَانِ»
«(Мұхаммед) құлдарым сеннен мен жайында сұраса мен оларға өте жақынмын, қашан меннен тілесе тілеушінің тілегін қабыл ететінімді айт»,-деп бұйырды.