Даун синдромы бар мысырлық спортшы рекорд жасамақ

Даун синдромы бар мысырлық спортшы рекорд жасамақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Осы айда Даун синдромы бар мысырлық спортшы ғажайып рекорд жасамақшы.

Аталмыш диагнозы бар мысырлық 18 жасар жүзгіш Мұхамед Әл-Хуссейни бірінші рет Ла-Манш бұғазын жүзіп өтпекші. Al Arabiya телеарнасының хабарлауынша, жас спортшы 36 километрлік аралықты тоқтаусыз 15 сағатта жүзіп өтуге үміттенеді.

Үнемі Әмірлікте тұратын Әл-Хуссейни жүзу алдында Хургада спорт комплексінде күніне 10 сағаттан жаттығуда.  Осы аралықты жүзіп өткен соң Мұхамед бірден екі ел – Мысыр мен Әмірліктің – туларын көтермек.

Өз жетістігімен  жас Мұхамед Даун синдромы бар мүмкіндігі шектеулі адамдар туралы қалыптасқан таптаурынды жоққа шығармақшы.

Осы арада айта кету керек, Даун синдромы бар ресей спортшысы Влад Ситдиков жасөспірімдер арасында зілтемірді сығымдап көтеруден әлем чемпионы болған – жасөспірім дені сау спортшылармен тең түрде жарысқа түсіп, сенімді түрде жеңіске жеткен.

muftyat.kz


«Шындығында үлкен сынаққа, үлкен сауап бар, Егер Алла Тағала адамдарды жақсы көрсе, Ол оларды сынақтарға салады да, одан кейін оларға ризалығы ретінде игілік жібереді, ал сол кезде наразылық білдіргендер Оның  ашуына ұшырайды» делінген (Тирмизи).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: