Қасиетті Мекке қаласында жыл сайынғы қажылыққа дайындық жүргізілуде.
Қисуаның тазалығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін қолданылған шаралардың бірі - Қағба жапқышын үш метрге жоғары қайыру болып табылады.
Мұсылмандардың қасиетті қыбыласының төменгі бөлігі ақ мақта матамен оралды. Қисуа қажылық аяқталғаннан кейін бұрынғы қалпына оралады.
hibatulla.kz
Құранда: إِنْ تَنْصُرُوا اللَّهَ يَنصُرْكُمْ
«Сендер Алланың дініне көмектессеңдер Алла да сендерге көмектеседі». «Мухаммед» сүресі, 7-аят.