медреселерін бітіруші-қыздар

медреселерін бітіруші-қыздар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Оқу орындарын бітіруші көркем де қарапайым қыздарды жиі көресіздер ме?

Еуропа елдері болып саналатын Босния мен Герцеговиня медреселерін бітіруші-қыздарды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

Бұл тамаша елде медресе бітірушілердің оқу орнын тәмамдауына орай ауқымды мереке ұйымдастыру дәстүрі қалыптасқан. Осы күні мұсылман-қыздар әдемі киімдер киеді, айта кететіні, әр медресе хижабының өз түсі бар. Салтанатты медресе бітіру кешін тамашалауға тек қана кешегі студенттердің туған- туыстары ғана емес, сонымен қатар, қарапайым қала тұрғындары да жиналады.

Босния мен Герцеговиняда мыңдаған студенттерге білім беретін жүздеген медреселер бар. Бір медресенің өзі жылына 120 түлекке дейін шығарады. Медреселердің ең көнесі – Ғази Хусрев-бек медресесі, 478 жыл бойы үздіксіз жұмыс жасап келеді. 1537 жылы іргесі қаланған аталмыш  медресе қоғамның  адамгершілік тәрбиесі мен оқу-ағарту діңгегіне айналған.

Суреттерде «Elči Ibrahim-pašina medresa», «Behram-begova medresa, «Gazi Husrev-begova medresa», «Medresa Džemaludin ef. Čaušević», «Karađoz-begova medresa» сынды босниялық медреселерін бітіруші-қыздар.

2 (10)

12

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

muftyat.kz


 

«Күйеуі разы болған мұсылман әйел дүние салса, жәннаттық болады». (Умму Саламадан Тирмизи риуаят еткен).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: