Сауд Арабиясында ханзада сотталды.

Сауд Арабиясында ханзада сотталды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясында корольдік отбасының мүшесі ханзада Сауда бин Абдулазиза бин Мусаида бин Сауда бин Абдулазиз Ас-Сауда ұсталды.

Полиция оны Салман корольдің жеке бұйрығы бойынша қамауға алды деп хабарлады. Алдын ғаламторда жарияланған ханзаданың өз қызметкерлерін сөзбен ғана емес, тіпті физикалық түрде қорлап жатқаны түсіп қалған бейнежазба Монархтың ашуын тудырды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ханзада сот шешімге келгенге дейін қамауда болады. Полиция зардап шеккендер мен куәлардың айғақтарын естуге ниетті.

Осы патшалықтың тұрғындары корольдік отбасы мүшесінің қамауға алынғаны туралы жаңалықты таңдана қабылдағанын атап өткен жөн. Олардың пікірі бойынша, бұл жағдайда патшаның жасаған әрекеті өте дұрыс.

Корольдік отбасы мүшесінің темір торға алынуы бірінші жағдай емес. 2016 жылдың қазан айында ханзада Түрки бин Сауд бин Түрки бин Сауд Әл-Кабир КСА азаматын өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген.

hibatulla.kz


«Оның (жердің) үстіндегінің бәрі – фәни. Тек ұлылық пен жомарттықтың Иесі – Раббың ғана қалады» (Рахман сүресі, 26-27 аят).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: