Азан- барша мұсылманды бес уақыт намазға шақыратын діни аса ізгі амал. Азанның өзіндік шығу тарихы мен дінімізде алар орны бар. Кезінде асыл дініміз қанат жая бастаған дәуірде мұсылмандарды құлшылыққа шақыратын бір белгі, әдістің қажеттілігі туындады.
Ислам діні жер жүзіне жайыла бастаған күннен бастап, азан бір сәтте айтылмай қалған емес. Сондай-ақ, қиямет күніне дейін әлемнің түпкір- түпкірінде азан даусы жаңғырып, өз міндетін атқара бермек.
hibatulla.kz
Алланың Елшісі (с.а.у.) айтады: «Азаншының дауысы жеткен жерге дейінгі күнәсі кешіріледі.Оған берілетін сауап онымен бірге намаз оқығандардың сауабымен теңеседі». (Хадисті Абу Умамадан имам Таборони жеткізеді. Жамиғул сахих № 6519).