Оманда неміс, голланд, поляк және ливан сарапшылары әзірлеген әлемдегі алғашқы каллиграфиялық интерактивті электронды Құран таныстырылды.
Жаңа Құран Windows, Mac, Linux және Android сынды барлық операциялық жүйелерде жұмыс істейді және ол ноутбук, планшет, ұялы телефондарда қол жетімді.
Жұмыс істеу үшін арнайы бағдарламаны орнатудың қажеті жоқ, интерактивті Құранды mushafmuscat.om сайтынан браузер арқылы жүктей аласыз.
hibatulla.kz
«Олар (сабырлы жандар) бастарына қандай да бір қайғы-қасірет келгенде: «Шүбәсіз, бәріміз бір Аллаға тиесіліміз (Оның басыбайлы құлымыз) және түбінде Оған қайтамыз», - деп айтады» («Бақара» сүресі, 155, 156-аяттар).