Ақтаулық оқушы көзі көрмейтін жандар үшін SMART-тақия жасады (ФОТО)

Ақтаулық оқушы көзі көрмейтін жандар үшін SMART-тақия жасады (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Сәттіғали Жолдасов көзі көрмейтін және көзі нашар көретін жандар үшін SMART-тақия жасап шығарды. Бұл жайында Қазақпарат порталы хабар таратты. Оқушы бұл іске бір айға жуық уақытын жұмсаған көрінеді.

«Тақияда қарапайым ұялы телефоннан алынған қозғалыс датчигі бар. Ол дірілдеткіш моторға (вибромотор) сигнал береді. Адам жүрген кезде тақиядағы сенсорлар алдағы кедергілерді қарап отырады. Қандай да бір кедергіні байқағанда SMART-тақия дірілдей бастайды. Содан кейін тақиялы адам тиісті жағына бұрылып, қозғалыс бағытын өзгерте алады. Жоба Ардуино микроплатасында жасалды. Менің осы жобам көзі көрмейтін және нашар көретін адамдарға көмектесе алады деген үміттенемін» , - дейді жас өнертапқыш. 

muslim.kz


Қасиетті Құранда: «Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. (Жамандыққа қарсы жақсылық қыл) Сол уақытта сені мен екеуің араңда дұшпандық болған біреу, өте жақын достай болып кетеді», – дейді («Фуссилат» сүресі, 34-аят).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: