Түркиядағы археологиялық қазба жұмыстары кезінде ежелгі мешіт пен хамам табылған болатын.
Кутахьи қалалық мұражайының директоры Метин Тюрктюзюнің айтуынша, болжамға сәйкес, мұсылмандардың қасиетті үйі Сүлейман Шах тұсында яғни 1380 жылы салынған. Сол заманда қала шағын Князьдіктердің бірінің астанасы болған.
«Бұл мешіт пен хамам қарапайым сәулет объектілерінің болмағанына қарамастан көптеген азаматтарға қызмет көрсеткен. Мешітке көрші елді мекендерден көптеген адамдар келіп намаз оқыған", - дейді Метин Тюрктюзюн.
hibatulla.kz
Қасиетті Құранда былай дейді: «Алланың мешіттерін шынымен Аллаға және ақырет күніне сенген, намазды толық өтеген, зекет берген, тек қана Алладан қорыққан адамдар ғана ұстайды. Міне, солардың тура жол табушылардан болуы үміт етіледі» («Тәубе» сүресі, 18-аят).


16 Январь 2026
27 Раджаб 1447

