Мекке — мұсылмандардың қасиетті қаласы. Онда Қағба, әл-Харам мешіті орналасқан. Сауд Арабиясының батысындағы Мекке қаласында Мұхаммед (ғ.с.) дүниеге келіп, пайғамбарлығын осында бастаған. Ол арабтардың ежелгі мәдени орталығы саналады. Исламдық сенім бойынша мұнда Адам ата мен Хауа ана, Шис, Ибраһим, Исмаил пайғамбар тұрған. Меккеде бірнеше тарихи, мұсылмандар үшін қасиетті саналатын жерлер бар.
Пайғамбар (с.ғ.с.) өмір сүрген қасиетті қаланы көргісі келмейтін адам жоқ шығар. Мекке дегенде жүрегіміздің елең ететіні де жасырын емес. Әлемнің жүрегі болған ардақты жердің зау біктен түсірілген бейнесін өз көздеріңізбен көргендей тамашалаңыздар!
hibatulla.kz


18 Январь 2026
29 Раджаб 1447

