Иса – Алланың пайғамбары. Әсерлі кадр (ВИДЕО)

Иса – Алланың пайғамбары. Әсерлі кадр (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Интернет кеңістігінде Уругвай азаматының ислам дінін қабылдау сәті жазылған таспа кең тарады.

Уругвайлық тұрғын имамның айтқанын сөзбе сөз қайталап, ислам дінін қабылдау шарты – кәлима шахадатын айтады: «Алладан басқа ешбір Құдай жоқ екеніне, Мұхаммед оның елшісі екеніне куәлік етемін. Иса Алланың пайғамбары екеніне куәлік етемін».

Кәлима шахадатының классикалық қалыптасқан үрдісінде Иса пайғамбар туралы айтылмайды. Алайда, имам Иса пайғамбардың ислам дінінде де орны ерекше екенін, оның да пайғамбар болғанын түсіндіру үшін қосымша айтқызған.

Ал хақ дінмен қауышқан жан кәлима шахадатымен шектелмей, Құранның беташар сүресі – «Фатиханы» оқуға ниет білдірді. Қасиетті Құран аяттарын оқу барысында ол ішкі толқынысын жасыра алмай, көз жасына ерік берді.

ummet.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: