Көп ұзамай Испания елінде алғашқы мұсылмандар мектебі өз есігін ашпақ. Оны Испанияның үшінші ірі қаласы Валенсиядан көруге болады. Мектеп жобасына қазірдің өзінде шамамен 2 миллион еуро инвестиция салынды.
Бұл қаражат қала орталығынан 15 минуттық жерде орналасқан жерді сатып алуға жұмсалды. Білім мекемесі 800 студентке арналған. Сондай-ақ, мектепке дейінгі сыныптар да мұнда оқи алады.
Жалпы білім беретін бағдарламаға сай, балалар араб тілін, сондай-ақ, діни білім беруге қатысты пәндерді үйренеді. Қазіргі таңда испан халқы 46,4 млн адамды құрайтынын айта кету керек. Олардың 1,8 миллионы мұсылмандар.
hibatulla.kz