2016 жылдың әлемдік жәдігерлер орталығы болып Иордан өзенінің Батыс жағалауында орналасқан Палестинаның Хеврон қаласы танылды.
Хеврон Батыс жағалаудың экономикалық орталығы болып табылады. Қала өзінің фарфор бұйымдарымен, керамика, шыны әйнек, зәйтүн ағашы және тері өндірісімен танымал.
«Хеврон – Палестинаның ежелгі шаһары, әлемге ұсынарлық 6 000 жылдан аса тарихы мен бай мұрасы бар. Бұл қазіргі уақытта жиілеген қарулы қақтығыстардан зардап шегіп отырған көне қала үшін маңызды мәртебе» дейді республиканың туризм министрі Рола Маая.
Айта кетсек, Хеврон биылғы марапатқа Әлемдік жәдігерлер кеңесінің шешімімен ие болды.
ummet.kz