Сауд Арабиясы қажылық қорытындысын жариялады

Сауд Арабиясы қажылық қорытындысын жариялады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясы корольдігі Статистика ведомствосы 2016 жылдың қажылық қорытындысын жария етті, деп хабарлайды  Al Arabiya телеарнасы.

Ведомство мәліметтеріне сүйенсек, биыл қажылыққа келген шетелдік қажылардың 54,6%-ын ерлер, 45,4%-ын әйелдер құраған.

Шетел қажыларының 94%-ы – әуе жолымен, 5%-ы көлік құралдарымен және 1%  теңіз көлігімен келген.

Ал биылғы қажылардың жалпы көлемі кемінде соңғы 10 жылда ең төмен көрсеткішке ие. Мәселен, 2007 жылы 1,7 миллионнан аса шетел қажылары мен 746 511 саудиялық тұрғындар, жалпы саны 2,4 млн адам қажылық жасаса, биыл шетел қажыларының саны 1 325 372 адамды, жергілікті қажылар саны 537 537 адамды, барлығы 1,9 миллион қажыны құрады.

 2012 жылы қажылар саны 3 миллионнан асты – бұл қажылықтың соңғы он жылдық тарихындағы ең үлкен көрсеткіш.

Биылғы жылы қажылардың басым бөлігі Египеттен келді. Екінші және үшінші орында Пәкістан мен Үндістан қажылары тұр.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: