Құрбан айт құрметіне 488 жазасын өтеуші босатылады

Құрбан айт құрметіне 488 жазасын өтеуші босатылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дубайда Құрбан айт мерекесінің құрметіне түрмеде жазасын өтеуші 488 адам бостандыққа шығарылады. Бұл шешімді Дубай әмірі, БАӘ вице-президенті, премьер-министрі шейх Мохаммед бен Рашид әл-Мақтұм қабылдаған.

Қазіргі уақытта Дубай прокуратурасы мен полициясы аталмыш шешім бойынша жұмыс жүргізуде. Еске сала кетсек, БАӘ президенті шейх Халифа бен Заид Аль Нахайян бұған дейін 422 адамға кешірім жасаған еді.

Кешірім Шардж, Рас-Эль-Хайма және Аджман әмірліктерінде де жарияланды.

Айта кету керек, Құрбан айт мерекесі кезінде Біріккен араб әмірлігінің барлық мемлекеттік мекемелеріне бір апта демалыс беріледі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: