Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо мұсылмандардың суға түсуге арналған киімі буркиниді қорғады.
"Біз Канадада тұратын әрбір адамға түсінікпен қарап, мұны қабылдауымыз керек. Тек осы ғана бірін-бірі сыйлайтын, адамдардың таңдауына мән беретін, заманауи, дәулетті, жағдайы жеткілікті қоғамда өмір сүру тәсілі болмақ," - дейді Канада премьер-министрі.
Ол сондай-ақ, Канадада буркиниге тыйым салу мүмкіндігі аз деп атап өтті.
Еске сала кетсек, Францияның 15 қаласында жағажайда буркини киюге ресми түрде тыйым салынған. Ал бұл шешімді сол елдің премьер-министрі Мануэль Вальс жақтаған болатын.
hibatulla.kz