Қытайлық мұсылман қажылық сапарын ерекше жолмен жетті. Ол Қытайдан Сауд Арабиясына велосипедпен келді. Төрт мың шақырым жолды еңсеріп, төрт айын жұмсады.
Айта кетсек, биыл қажылық маусымы 20 тамызда басталады. Синоптиктердің болжамынша, бұл маусымда аптапты ыстық сақталады. Осыған байланысты қажылардың қауіпсіздігіне ерекше мән берілмек.
Еске салсақ, 2015 жылғы қажылық уақытында құрылыс кранының Меккедегі әл-Харам мешіті аумағында құлауы салдарынан 11 адам мерт болды. Бұдан бөлек, Мина жазығындағы адам кептелісінен кемінде 800 адам қаза тапты. Мекке билігі бұл жағдайдың енді қайталанбауын қатаң бақылауға алып, тиісті шараларды қабылдады.