Су үсті қаласы тұрғызылады

Су үсті қаласы тұрғызылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Голланд архитекторлары Дубайға арнап су үстіндегі үй жобасын әзірледі. Егер жоба мақұлданатын болса мұндай үйлер елде көптеп салынбақ.

Аталмыш концепцияны теңіз құрылыстарымен айналысатын New Living on Water компаниясы дайындады. «Көптеген адамдар қалың көпшілік ортасында, халық шоғырланған аймақтарда тұрады. Сондықтан оңаша, жырақта табиғатпен жақынырақ тұруға деген сұраныс әрқашан да бар» дейді компания қожайындарының бірі әрі басқарушы директор Менно де Роос.

Алдын ала есепке сәйкес, Таяу Шығыста «жүзетін» қала алғашқы жылы 50 миллион доллар табыс әкелмек. Уақыт өте табыс көлемі де арта түседі.

Еске сала кетсек, Рио-де-Жанейро жағалауында да Aequorea деп аталатын су үстіндегі бүтін қаланы салу жоспарланған. Қала құрылымы медуза іспеттес болмақ, ал негізгі материал өңделген пластикалық қалдықтар мен теңіз балдырларынан жасалады. Ғимарат теңіз ортасында 3D-принтер арқылы тұрғызылады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: