Йеменнің Саада провинциясындағы мектептердің біріне әуе соққысы жасалып, салдарынан 10 оқушы көз жұмды. 25-тен аса бала әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Бұл жайында БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) хабарлады.
Қаза болған балалар 6-14 жас аралығында болған. Қазіргі уақытта қираған ғимарат үйіндісінен тағы да балалар шығарылуда.
ЮНИСЕФ-тің хабарлауынша, соңғы екі апта ішінде Йеменде балалар өлімі күрт көбейген, олар әуе соққылары, ракеталық шабуыл мен әртүрлі жарылыс салдарынан ажал құшуда.
«Йеменнің жазықсыз халқы тараптардың шешімсіздігі мен жауапсзыдығынан зардап шегіп отырғанына 1,5 жыл болды. Ауқымды әскери қақтығыстар тек қана елдегі ахуалды құлдырауға алып келуде» деп хабарлайды БҰҰ Йемендегі гуманитарлық көмек жөніндегі үйлестірушісі Джейми Макголдрик.