Ұмра – жылдың кез кел- ген уақытында Меккеге барып, сүбхана Алла тағалаға құлшылық етіп, қажылық жасау. Ұмра – қажылық секілді мұсылманның парызына жатпайды, бірақ ұмра жасаған мұсылман сауапқа ие болады, сондықтан ұмраны сүннетке жатқызады.
Ұмра – кіші қажылық. Ұмра – жылдың кез кел- ген уақытында Меккеге барып, сүбхана Алла тағалаға құлшылық етіп, қажылық жасау. Ұмра – қажылық секілді мұсылманның парызына жатпайды, бірақ ұмра жасаған мұсылман сауапқа ие болады, сондықтан ұмраны сүннетке жатқызады.
Ұмра – үш әркәннан (бөлімнен) тұрады: ихрам, тауаф, сағи.
Ихрам – қасиетті жерге аяқ басып, ақ киім киіп, сүбхана Алла тағалаға құлшылық ететін хал-күй екені баршамызға мәлім. Енді ихрамның үш түріне тоқталайық:
Ифрад – қажылық кезіндегі ихрам хал-күйіне түсу. Қиран, оның екі жағдайы бар:
а) Ұмра мен қажылықты бірге жасауға ниет етіп, ихрам хал-күйіне түсу.
ә) Алдымен ұмра жасау үшін ихрам хал-күйіне түседі, сосын оны қажылық жасауға ниет етіп жалғастырады.
hibatullа.kz