Өрт сөндіруші-мұсылман құтқару жолуында мерт болды.

Өрт сөндіруші-мұсылман құтқару жолуында мерт болды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біріккен араб әмірлігінде ұшақтағы жолаушыларды құтқару үшін өз өмірін пида еткен өрт сөндірушінің ерлігін жоғары бағаланды.

Emirates Airlines әуе компаниясының 300 жолаушысы бар ұшағы қону уақытында істен шығып, бортта өрт шығады. Абырой болғанда, жолаушылардың барлығы аман құтқарылып, кейбірі ғана жеңіл дене жарақаттарын алған.

Осы уақытта жолаушыларды қызыл жалын шарпыған оттан шығару кезінде 27 жасар өрт сөндіру қызметкері Джассим Исса Мухаммед Хассан Аль-Балуджи қаза тапты. БАӘ Азаматтық авиация басқармасы оны «өзгенің өмірін құтқару жолында өз өмірін қиды» деп мәлімдеді. «Қаншама адамды аман алып қалу үшін өзін құрбандық еткен азаматқа құрметім шексіз» дейді басқарма директоры Саиф ас-Сувайди.

Джассим Мұхаммед Хасанның артында бес інісі мен қарындасы қалды. Оның әріптестері, туыстары мен әмірлік басшылары жас жігіттің қазасын Жаратушы Алла Тағала ислам қағидасы бойынша шейт деп қабылдар деген үмітте екендіктерін білдірді. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: