Ысырапшылдыққа қарсы заң қабылдады

Ысырапшылдыққа қарсы заң қабылдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Италияда артылып қалған тағам аш халыққа таратылады. Ел Парламенті азық-түлік қалдықтары туралы жаңа заң қабылдады. Құжатта жарамдылық мерзімінен өткен және тауарлық өңі кеткен өнімдерді мұқтаж адамдарға берген зауыт пен дүкендерді мадақтау қарастырылған.

Мемлекет кәсіпкерлердің мұндай жомарттығы үшін оларға салықтық жеңілдіктер уәде етіп отыр. Айта кеткен жөн, жыл сайын италиялықтар тұтынуға жарамды 5 млн тонна азық-түлікті лақтырып тастайды. Ысыраптың салдарынан ел экономикасына 12 миллиард еуро көлемінде нұқсан келтіріледі. Бұл Италияның ішкі жалпы өнімінің 1 пайызы. Марко Луккини, «Banco Alimentare» қайырымдылық қорының бас директоры: - Әдетте қайырымдылық ұйымдары фермерлерден, кәсіпорындардан, супермаркеттер мен мейрамханалардан жылына шамамен 500 000 тоннадай азық-түлік жинайды. Кәсіпкерлермен өзара байланыс бұрыннан орнаған. Бірақ, жаңа заң бұдан да көп тамақ өнімдерін жинауға мүмкіндік береді.

Бір қызығы, жаңа заңда мейрамханаларға қатысты арнайы бап бар. Онда тамақтану орындарын азаматтардың өтініші бойынша "отбасылық сөмке" деп аталатын қолдорба беруді міндеттейді. Бұл тұтынушының тауыса алмаған тамағын үйіне алып кетуі үшін жасалып отыр.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: