Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміровтың «Ақшам уағызы» атты кітабы жарық көрді.
Кітап жазуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің барлық мешіттерде бесін және ақшам намазы кезінде жамағатқа 5-10 минут көлемінде уағыз айту жөніндегі нұсқауына орай дайындалды.
Сондай-ақ, кітапқа түрлі тақырыпқа арқау болған қызықты уағыздар, жұма, неке, мәуліт және екі айт хұтбалары енгізілген.
Осы орайда, кітапқа ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің дінтану сараптамасының оң қорытындысы берілген.
Жалпы, кітап авторының қаламынан «Ғибратнама», «Уағыз», «Бесін уағызы», «Дінбасы», «Әл-Фараби өсиеттері», «Абай өсиеттері», «Мұхтасар», «Намаз үйренейік», «Дін және дәстүр» т.б. кітаптары мен бірнеше ғылыми мақалалары жарық көрген. Кітап мешіт имамдары мен дінсүйер қауымға арналған.
![]()
Кітап құтты болып, оқырманы көп болғай!
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


19 Ноябрь 2025
28 Джумада-авваль 1447

