Адамзат баласының ең ардақты тұлғасы Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисте былай делінеді: «Кімде кім Құраннан бір әріп оқыса, оған бір жақсылық жазылады, ал әр бір жақсы амал үшін он сауаб жазылады, мен “Алиф, Ләм, Мимді” бір әріп деп айтпаймын, жоқ, “Алиф” – бір әріп, “Ләм” – бір әріп және “Мим” – бір әріп». (ат-Тирмизи ). Міне, Құранды көп оқушылар осындай сүйіншілеріне асыға берсін.
Бұл Құранды оқушылар үшін. Ал оны оқи алмайтындар не істейді? Өздері оқуды үйреніп алғанша, өзгелердің оқуын тыңдайды. Әсіресе, үстіміздегі ғылым мен техниканың ғасырында небір қаз дауысты қарилардың Құран оқығанын үнтаспаға жазып алып тыңдауға мүмкіндік көп. Сөйтіп оны тыңдау арқылы құлшылық жасауға, Жаратушымыздың рақымына бөленуге болады. Бұл туралы да Қасиетті Құранда былай делінеді: «Қашан Құран оқылса, оған құлақ салып тыңдандар да үңдемендер. Осылайша рақымға бөленерсіңдер» («Ағраф» сүресі, 204-аят). Ия, Құранды тыңдаудың өзі – мұсылман баласы үшін Алланың рақымына қол жеткізудің бір жолы. Иә, Құранның мұсылман баласына берер пайдасын санап тауысу мүмкін емес. Алла елшісінің хадистерінің бірінде: «Егер адамдар Алланың үйлерінің бірінде жиналып Құран оқып, оны өзара талқылайтын болса, оларға міндетті түрде жан тыныштығы түседі және оларды рахымшылық бүркеп, періштелер қоршауына алады. Алла оларды Өзінің құзырындағылар жанында еске алады», – дейді.
Бейнежазбадағы қыз соқыр болғанымен хафиз. Өзінің Құран оқуымен бүкіл көрерменді жылатты. Сіздің көзіңіз көреді, бірақ соңғы рет қашан Құран оқыдыңыз?
hibatulla.kz


19 Ноябрь 2025
28 Джумада-авваль 1447

