Мешіт меншікті үй еместігін ескере жүру керек

Мешіт меншікті үй еместігін ескере жүру керек

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Атырауда орталық «Иманғали» мешітінде ғибадат ету тәртібін бұзған келушіге айыппұл салынды. Мешітте дауыс көтеріп, имам мен жамағаттың намаз оқуына кедергі келтірген азаматқа 50 айлық есептік көрсеткіш әкімшілік айыппұл салынды.

Іс материалдарында көрсетілгендей, 2016 жылдың мау­сым айында тұрғылықты азамат Атырау қаласындағы орталық «Иманғали» мешітінде ғибадат ету уақытында мешіттің ішкі тәртібіне бағынбай, дауыс көтеріп, имам мен жамағаттың намаз оқуына кедергі келтірген.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бекітілген мешіттің ішкі ережесі мен тәртібіне сәйкес, намаз оқушы жа­мағат ішкі тәртіп-ережелерін мұқият сақтауға, көрсетілген та­лаптарды орындауға міндетті. Жамағаттарға мешітте дау-жан­жал шығаруларына, қарама-қайшы іс-қимыл, әрекеттер жа­сау­ларына тыйым салынады.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің мәлім­деуінше, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сот қаулысымен мешіттің ішкі тәртібіне бағынбаған «мінезді» азамат ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп таны­лып, оған жаза ретінде 50 айлық есептік көрсеткіш, яғни 106 050 теңге әкімшілік айыппұл cалынды.

aikyn.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: