Экстремизмді насихаттаған 100-ге жуық сайт жабылды

Экстремизмді насихаттаған 100-ге жуық сайт жабылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Еліміздің ақпарат кеңістігіндегі 100-ге жуық сайт жұмысын тоқтатты. Оларға экстремизм мен терроризмді насихаттады деген айып тағылған, – деп жазады Вaq.kz.

«Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті 2016 жылы Есіл ауданының сотына Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік кодексінің 48-тарауына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн ақпаратты қамтитын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн заңсыз деп тану туралы 18 талап-арыз жолдаған» делінген хабарламада.

Сонымен қатар, осы мазмұндағы азаматтық істер аудандық сотта қаралып, талап-арызды қанағаттандыру туралы шешім шығарылған. Кодекстің 54-бабына сәйкес, Астана қаласы «Есіл» ауданының прокуратурасы осы істерге прокурордың қатысуын қамтамасыз етіп, тиісті қорытынды берілді.

Азаматтық істерді қарау нәтижесі бойынша, Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауіпсіздікке кері әсерін тигізетін, терроризм, экстремизм және сепаратизмнің кез келген нысанын үгіттеуге бағытталған 94 сайттың қызметі тоқтатылған. Көп ұзамай аталмыш шешім заңды күшіне енетін болады.

 

ummet.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: