Аятул Күрсидің қасиетті (ВИДЕО)

Аятул Күрсидің қасиетті (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аятул Күрсидің қасиеттілігі жайлы көптеген хадистерде айтылады:

Әбу Һурайра (р.а.): «Бақара сүресінде Құран аяттарының мырзасы бар, ол аят үйде оқылса, шайтан шығып кетеді. Бұл – Аятул Күрси»,– деген.

Тағы да осы сахаба: «Әр нәрсенің шыңы бар. Құранның шыңы Бақара сүресі. Бұл сүреде Құран аяттарының мырзасы Аятул Күрси бар»,-деген хадис жеткізген.

Аятул Күрсиде Алла тағаланың Ұлық есімдері аталады. Әсма бинт Язид бин Сакан (р.а.): «Мен Алла елшісінің (с.ғ.с.) «Аятул Күрси» және «Әли Ғимран» аяттары жайлы: «Расында бұл екі аятта Алла тағаланың Ұлық есімі бар»,-деген сөзін естідім»,-деп баяндайды.

Ал, Әбу Умамат (р.а.): «Алла тағаланың дұғаға қосып айтса, тілек қабыл болатын Ұлық есімі үш сүреде: Бақара, Әли Ғимран және Таһа сүресінде»,-деген. Жаратушы Хақтың бұл Ұлық есімдері Һашим (р.а.) былай жеткізеді: «Бақарада – «Алла тағала, Одан басқа еш тәңір жоқ...», Әли Ғимранда – «Әлиф Ләм Мим. Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеруші» және Таһада – «Тірі, меңгеруші (Аллаға) бастар иіледі...».

Әбу Умамат (р.а.): «Кімде-кім бес уақыт намаздың соңынан Аятул Күрси оқыса, оған жәннатқа кіруіне тек өлім ғана кедергі болады»,-деген риуаят жеткізеді.

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: