Омбыда ДУМО-ның ұйытқы болуымен "Сібір жүрегі" мешіті соғылмақ. Қала әкімі бұл үшін 2,5 га жер бөлді. Жоспарға сәйкес, ғибатат үйінің сыйымдылығы 1200 адам.
Болашақ мешіттің жобасын архитектор Роман Воробьев сызуда. Ол бұл мешіт Сібір орталық мешітінен 2,5 есе үлкен болатынын мәлімдеді.
Мешіт еті қабаттан тұрмақ: бірінші қабатта дәретхана, кішігірім мәжіліс залы және асхана болса, екінші қабатта намазхана болмақ. Мешіттің 4 мұнарасы болады және оның биіктігі 36 метр, күмбіздің биіктігі - 23 метр. Құрылыс 5 жылдай уақытты алуы мүмкін.
hibatulla.kz