Халықаралық ғалымдар тобы аптапты ыстық адам өлімінің көбюеіне алып келетінін мәлімдеді.
Алапат орман өрттері мен ауаның ластану деңгейінің жоғарылауы жүрек-қан тамырлары ауруына шалдықтырады. Бұған қоса, аптапты ыстық пен ластанған ауа бүйрек жұмысына да кедергі келтіреді.
Ғалымдар жыл сайын осының салдарынан адам өлімі көрсеткіші өсіп келе жатқанын айтып дабыл қақты. Сондай-ақ, жазғы маусымда ауа температурасы 30 градус Цельсиден асатын аймақтарда қатерлі ісік дерті де артатыны белгілі болды.