Саудия ұлттық киімді міндеттеді

Саудия ұлттық киімді міндеттеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясы билігі шетелге шығатын ресми тұлғалар, шенеуніктер ұлттық дәстүрлі киімдерді киюге міндеттеу туралы ресми бұйрық шығарды, деп хабарлайды Al Arabiya.

Енді корольдік атынан шығатын билік өкілдері барлық бұқаралық және жабық шараларда, конференцияларда, кездесулер мен сұхбат беру алаңдарында ұлттық киімде болуы, саудиялық дәстүрді ұстануы, корольдік мәдениетін сақтауы міндетті саналады.

Еске салсақ, бұған дейін Біріккен араб әмірлігі керісінше шетелге шығатын ел азаматтары дәстүрлі киімді киюден алшақтай тұруы туралы жарлық шығарған еді. Бұған әмірліктің белгілі кәсіпкері АҚШ-та лаңкес деген күдікке ілінуі себеп болған. БАӘ азаматының дәстүрлі араб киімінде әрі араб тілінде сөйлеуі арнайы күштік құрылымды шақыруға итермелеген. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: