Германия қырғыз имамдарын оқытуға әзір

Германия қырғыз имамдарын оқытуға әзір

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Германия Қырғыз имамдарын оқытуға әзір. Бұл туралы кеше Қырғызстанға іссапармен келген Германия канцлері Ангела Меркель журналистермен өткен брифингте мәлім етті.

«Бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі – терроризмге қарсы күрес. Ол үшін өз кезегінде қоғамды радикалдандырудың алдын алу керек. Мен имамдарды өз Отанында оқытса іс нәтижелі болатынына сенімдімін. Дегенмен, Германия Қырғызстанға имамдарды оқыту ісінде көмектесуге дайын. Бізде арнайы оқу орны бар» деді Меркель.

Айта кетсек, Германия канцлері Бішкек қаласына Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаевтың ресми шақыруы бойынша келген. Тараптар осы уақыт ішінде екі елдің ынтымақтастығын арттыру бағытында бірқатар мәселелерді талқылап үлгерді. А.Меркель өз сапарында Бішкектегі неміс диаспорасымен де кездесті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: