Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласында өтіп жатқан «QMDB EXPO-2026» халықаралық көрмесі аясында бірқатар кәсіпорындар мен сала мамандарын марапаттады.
Марапаттау рәсімінде өз саласында үздік нәтиже көрсетіп, адал еңбек пен сапаны басты ұстаным еткен кәсіпорындарға, сондай-ақ ҚМДБ қызметінің түрлі бағыттарының дамуына үлес қосқан мамандарға арнайы марапаттар табысталды.
2026 жылдың «Үздік маман» марапатының иегерлері қатарынан ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі, "Халал Даму" ұйымының облыстағы технолог маманы Ибрагим Аймекен Амангелдіқызы көрінді.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



23 Октябрь 2026
11 Джумада-авваль 1448

