Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінде «Берекелі шаңырақ – адал қоғам негізі» тақырыбында рухани кеш өтті. Рухани шара барысында бас имам Қанат Әділханұлы отбасы құндылықтары, шаңырақтың берекесі, ата-анаға құрмет, бала тәрбиесі және адалдықтың қоғамдағы маңызы кеңінен насихатталды.
Кештің негізгі мақсаты – ұлттық және діни құндылықтарды дәріптеу, отбасындағы өзара сыйластық пен татулықты нығайту, жастарды имандылыққа, адалдыққа және ізгілікке тәрбиелеу.



24 Октябрь 2026
12 Джумада-авваль 1448

