Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев «Жәми» мешітінде жамағатқа «Отбасы құндылығы» тақырыбында тағылымды уағыз жүргізді.
Уағыз барысында отбасының қоғамдағы маңызы, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара сыйластық пен түсіністіктің мәні айтылды. Сонымен қатар, бала тәрбиесіне көңіл бөлу, ата-анаға құрмет көрсету және отбасы мүшелерінің бір-біріне жауапкершілікпен қарауы жөнінде насихат айтылды.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендердің ең жақсыларың – отбасына жақсы қарым-қатынас жасағандарың», – деген.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


24 Октябрь 2026
12 Джумада-авваль 1448

