Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Тазалық барысында мешіт аумағы қыс мезгіліне дайындалып, қураған ағаштар мен шөптер, сондай-ақ жиналған қоқыстардан тазартылды. Сонымен қатар мешіт айналасы ретке келтіріліп, жамағатқа қолайлы әрі таза орта қалыптастырылды. Ізгі іске атсалысқан азаматтарға алғысымызды білдіреміз.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі



24 Октябрь 2026
12 Джумада-авваль 1448

