Атақты неміс халықаралық журналисті Мартин Лежён исламды қабылданғанын мәлімдеді. Рәсім ораза айт мерекесі кезінде Берлиндегі мешіттердің бірінде өтті.
Ғаламторды пайдаланушылардың арасында белсенді түрде таралған бейнероликте мешітінің имамы Мартиннің исламды қабылдағанын жариялағаны бар. Осыдан кейін, жамағат "Аллаһу әкбар" (Алла ұлы) деп үш рет такбір айтты.
Содан кейін имам Мартиннен «шахада» айтуын сұрады. "Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі екеніне куәлік етемін" деді имамның артынан қайталап журналист Мартин.
hibatulla.kz


21 Ноябрь 2025
30 Джумада-авваль 1447

