«Бірлік» мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізіліп, әлеуметтік жағдайы төмен төрт отбасыға азық-түлік себеттері табысталды.
Игі шараның мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсету, қоғамда қайырымдылық пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Мешіт жамағатының демеушілігімен ұйымдастырылған қайырымдылық аясында қажетті азық-түлік өнімдері үлестіріліп, отбасыларға жылы лебіз бен ізгі тілектер айтылды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



26 Октябрь 2026
14 Джумада-авваль 1448

