Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы орталық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде құптан намазының алдында жамағатқа тағылымды насихат айтылды.
Мешіт имамы Тимур Сәдуақасұлы ислам әдебін негізге ала отырып, жамағатқа «Шыдамсыздықты емдеу жолдары» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді. Уағыз барысында мұсылманның сабырлы болуы, ашуға берілмеуі, қиындықтарға төзімділік танытуы және көркем мінездің маңыздылығы жайында жан-жақты түсіндірілді.
Жамағат насихаттан рухани тағылым алып, имамның айтқан өнегелі кеңестеріне ризашылықтарын білдірді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


28 Октябрь 2026
16 Джумада-авваль 1448

