Мойынқұм ауданында аудан имамдарына «Уақып – қайырымдылық пен ізгіліктің бастауы» тақырыбында уағыз-насихат жүргізілді.
Уағыз барысында уақыптың Ислам дініндегі орны мен маңызы, қоғамға тигізер пайдасы және сауапты істердің үзілмейтін садақа екендігі кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, мешіттердің қызметін дамытуда және қайырымдылық шараларын жүзеге асыруда уақыптың рөлі жайында айтылды.
Іс-шараның мақсаты – имамдардың уақып саласындағы білімдерін жетілдіріп, жамағат арасында осы игі істі насихаттау болып табылады.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



28 Октябрь 2026
16 Джумада-авваль 1448

