«Мойынқұм» мешітінде қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Игі шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, көпбалалы жанұялар мен мұқтаж жандарға құрбандық еті таратылды.
Ұйымдастырушылар Құрбан айттың басты мәні — мейірім, жанашырлық және мұқтаж жандарға көмек көрсету екенін атап өтті. Шара соңында тұрғындар ақ баталарын беріп, ел тыныштығы мен берекесін тіледі.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


14 Сентябрь 2026
1 Раби-сани 1448

