Ұлық мереке — Құрбан айттың құрметіне орай, Мойынқұм ауданында ізгілікке толы «Тегін такси» науқаны ұйымдастырылды.
Бұл акция айт намазына және мешіттегі мерекелік шараларға асыққан аудан тұрғындары мен қонақтарына барынша қолайлылық тудыру мақсатында қолға алынды.
Қасиетті күннің берекесін арттырып, жамағатқа ыңғайлылық сыйлаған бұл қайырымдылық шарасы ауыл халқының ризашылығына бөленіп, мерекенің сәнін кіргізді.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


30 Июль 2026
14 Сафар 1448

