Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының ұйымдастыруымен Рысқұлов ауданы имамдарынан құралған команда жарысқа қатысты. Кезекті жарыс «Ислам және адал қоғам» жылы аясында имамдар арасында ауданаралық футболдан Жамбыл ауданында өтті.
Облыс бойынша 12 команда қатысқан турнирда 1-ші орынды Қордай командасы жеңіп алды. Рысқұлов командасы жақсы ойын көрсеткенімен ұпай айырмашылығымен топтық ойыннан жартылай финалға шыға алмады. Келесі жарыс Шу ауданында өтетін болды.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



01 Август 2026
16 Сафар 1448

