Нью-Йоркте Мұхаммед Әли көшесі пайда болды

Нью-Йоркте Мұхаммед Әли көшесі пайда болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Манхеттенде әйгілі Мұхаммед Әлидің құрметіне көше есімі берілді.

Көше Madison Square Garden қиылысында орналасқан және ендігі атауы «Muhammad Ali Way» болмақ.

Осы ауданда атақты спортшы ұзақ жылдар жаттығу жасаған спорт залы бар.

Еске салсақ, бүгін кешке боксшының туған қаласы Луисвелде Мұхаммед Әлимен қоштасу рәсімі өтеді. М.Әли мұсылман әдет-ғұрпына сай жерленеді.

Мұхаммед Әли 3 маусым күні 74 жасында өмірден өтті. Ол отыз жылдан бері Паркинсон сырқатымен (тыныс жолы) ауырып келген. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: