Айт намазынан кейін ауданның бас имамы Ержан Көшкімбай ауыл тұрғындары және мешіт жамағатымен бірге бірнеше бейіт басына барып, құран оқып, дұға бағыштады.
Бұл игі амал – ата-бабаларды еске алып, рухтарына құрмет көрсету дәстүрінің жалғасы болды. Жиналған жамағат марқұмдарға құран бағыштап, олардың рухына дұға жасап, сауаптан үміт етті.
Мұндай тағылымды іс-шаралар ұрпаққа өнеге болып, өткенге құрмет, бүгінге бірлік, ертеңге аманат екенін айқындай түсті.
Мойынқұм аудандық “Мойынқұм” мешітінің баспасөз қызметі.


15 Июнь 2026
29 Зуль-хиджа 1447

