Шу ауданындағы барлық мешіттерде Айт мерекесіне орай дәстүрлі дастархан жайылып, жамағатқа мерекелік көңіл-күй сыйланды. Үлкендерге құрмет көрсетіліп, сый-сияпат табысталды, олардың мерекелік қуанышын арттыруға ерекше көңіл бөлінді.
Іс-шара барысында балалар мен ересектер бір-біріне ізгі тілектер айтып, ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеді. Айт дастархандары жиналғандарды бірлік пен ауызбіршілікке баулыды, ал сый-сияпат мерекенің жылылық пен жақсылыққа толы атмосферасын күшейтті.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.



02 Апрель 2026
14 Шавваль 1447

